Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.07.2020

Қызметтер

«Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты кейбір мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің 45, 46 және 97 баптарын, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабын басшылыққа ала отырып, Атырау қаласы аумағындағы кейбір мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді қосылу жолымен қайта ұйымдастырып, олардың қызметін реттеу мақсатында, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты келесідей мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер:

1)  «Жұмыскер мәдениет үйі», «Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарды біріктіру жолымен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (орыс тілінде: государствнное коммунальное казенное предприятие «Дворец культуры имени Курмангазы»);

2)  «№1 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»,«№2 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемелері біріктіру жолымен «Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі (орыс тілінде: государственное учреждение «Атырауская городская централизованная библиотечная система») болып қайта ұйымдастырылсын.

2.Осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес 1 және 2-тармақтарда көрсетілген мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын (әрі қарай – Кәсіпорын) мен мемлекеттік мекеменің (әрі қарай-Мекеме) ережелері мен жарғылары бекітілсін.

3.«Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1)  қайтадан құрылған Кәсіпорын мен Мекеменің құрылтай құжаттарын дайындасын;

2)  Кәсіпорын мен Мекеменің құрылтай құжаттарын жергілікті Әділет органында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

3)  осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4.Біріктірілген Кәсіпорын мен Мекеменің мүліктерінің теңгерім ұстаушылары болып қайта ұйымдастырылған Кәсіпорын мен Мекеме танылсын, өткізу актісі заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушімен бекітілсін және құрылтай құжаттарымен бірге тіркеуге тапсырылсын.

5.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ұ.Тналиевке жүктелсін.

 

 Қала әкімі  А.Құттұмұрат-ұлы


Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.04.2020 14:32

Мақаланың шыққан күні: 17.04.2020