Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Қайырлы күн, қазір бүкіл әлем бойынша коронавирус пандемиясы өршіп тұр. Мен мейрамхана саласында жұмыс істеймін, бізді карантинге байланысты ақысыз демалысқа жіберді. Өкінішке орай, көпшілік сияқты біздің де ақшамыз таусылды, ал азық-түлік күн сайын қымбаттап жатыр. Менің БЖЗҚ-дағы шотымда 200 мың теңге көлемінде шағын ақшам бар, мен оны зейнетке шыққанға дейін мерзімінен бұрын ала алам ба?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатыңызды мерзімінен бұрын алу мүмкін емес. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жеке тұлғалардың зейнетақы активтеріне құқығы заттық құқықтар қатарына жатады және тек Заңда айқындалған мақсаттарға, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға пайдаланылуы мүмкін.

Осылайша БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар төмендегі адамдар ие:

1) зейнет жасына толғанда, ерлер 63 жасқа, әйелдер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59,5 жасқа толғанда. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жас, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жас, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жас, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жас, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жас, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жас, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жас;

2) зейнетақы жинақтары ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болған кезде сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау жолымен ерлер – 55 жасқа және әйелдер 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 51,5 жасқа толғанда;

3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер;

4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар.

БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жоғарыда көрсетілген жағдайларда ғана жүзеге асыруға құқылы.

Есіңізге сала кетейік, төтенше жағдай кезеңінде табысынан айрылған азаматтар, атап айтсақ, еңбекақысы сақталмаған мәжбүрлі демалысқа шығумен байланысты Сіздің жағдайыңызда, төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) беріледі. Бір қызметкерге төленетін әлеуметтік төлем мөлшері бір ең төменгі жалақыны немесе айына 42,5 мың теңгені құрайды. Толығырақ Сіз egov.kz электрондық үкімет порталынан не https://42500.enbek.kz сайтынан біле аласыз.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.04.2020 23:14

Мақаланың шыққан күні: 08.04.2020