Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Сәлеметсіздер ме, менің есімім Николай, жасым 61-де, яғни зейнеталды жастағы адаммын. Жақында жұмыста сөгіс алдым және бастығыммен дауыс көтеруге дейін барған кикілжің орын алды. Ол маған жұмыстан босатып қана қоймай, зейнетақы шотыма салынған қаражатымды да шешіп алатыны туралы айтып, қорқытпақшы болды. Менің зейнетақы жинағымның жай-күйі туралы үзінді көшірмені менен басқа кім көре алады, түсіндіріп беріңізші!?

Уайымдауға еш негіз жоқ, себебі, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары мен олардың қозғалысы туралы мәлімет зейнетақы жинақтарының құпиясы болып табылады. Сіздің бастығыңыз Сіздің орныңызға жеке зейнетақы шотыңыздан үзінді көшірмені ала алмайды. Кез келген үшінші тұлғаға ақпарат беру тек нотариалды куәландырылған сенімхат немесе сот шешімі болған кезде ғана мүмкін. Ал Сіздің жеке зейнетақы шотыңыздан ақша шешіп алу тіпті де мүмкін емес, себебі оған жарналар Сіздің жалақыңыздан аударылады және жинақ Сіздің жеке меншігіңіз болып есептеледі, оны тек өзіңіз заңда көзделген жағдайларда ғана пайдалана аласыз.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.04.2020 22:59

Мақаланың шыққан күні: 08.04.2020