Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ байланыс орталығының карантин уақытындағы жұмыс тәртібі

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 6 сәуірден бастап 13 сәуір аралығында Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешімін бекітуіне орай «БЖЗҚ» АҚ-ның байланыс орталығы төмендегідей жұмыс кестесі бойынша қызмет атқаратындығы туралы хабарлайды:

жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Сонымен қатар, www.enpf.kz корпоративтік сайтында, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында кеңес алу мүмкіндігі call-орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес болады.

БЖЗҚ 2013 жылы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz  сайтында).


Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.04.2020 21:01

Мақаланың шыққан күні: 08.04.2020