Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 11 триллион теңгеден асып түсті

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның

2020 жылдың 1 наурызындағы негізгі көрсеткіштері

 

Қазақстанның аса маңызды қаржы институттарының бірі «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері 2020 жылдың алғашқы екі айында 283 миллиард теңгеге ұлғайды. Осылайша азаматтардың зейнетақы жинақтары 11 триллионнан асып, екі айдағы өсім 3% жетті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша қалыптасты және соңғы 12 айда 17% - ға ұлғайып, 10,8 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 257 млрд теңге (өсім 25%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеге (өсім 6%) жуық.

Айта кетейік, «БЖЗҚ» АҚ жарналарының барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны - 10 498 852 бірлік (ЖСН жоқ, деректемелері толық емес техникалық шарттарды есепке алмағанда) болды. Өткен жылдың наурыз айынан бастап өсім 3%. ЖЗШ-лардың басым бөлігін міндетті зейнетақы жарналары – 9,9 млн (өсім 3%), одан кейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – 514 мың шотты (өсім 6%) құрады. Ең үлкен өсім ерікті зейнетақы жарналары бойынша байқалды, 2020 жылдың 1 наурызына БЖЗҚ-да ЕЗЖ бойынша 55 221 шот болды, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 12% жоғары.

БЖЗҚ-ның техникалық шарттар бойынша жұмысын атап өту маңызды. Бұған сәйкестендірілмеген салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-лары жатады, мұндай шоттарда жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) жоқ, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты мен туған күні бойынша қате деректемелер көрсетілген (ЖСН жоқ ЖЗШ). 2019 жылғы 1 наурыздан бастап 2020 жылғы 1 наурызға дейін БЖЗҚ қызметкерлері осындай 20 мыңнан астам шоттарды анықтап, олардың жалпы санын 11% қысқартуға қол жеткізілді. Осылайша ағымдағы жылдың 1 наурызына БЖЗҚ-да 186, 8 тыс. техникалық шарт қалып отыр.

Салымшылардың (алушылардың) МЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарындағы орташа жинақ көлемі (техникалық шарттарды есепке алмағанда) 1,11 млн.теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% жоғары.

2020 жылдың алғашқы 2 айында салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 175,2 млрд. теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2019 жылдың алғашқы 2 айындағы көрсеткіштен 20% артық. Төлемдер 32,1 млрд.теңгені құрады, олардың басым бөлігі жасына байланысты (12,2 млрд. теңге), ҚР шегінен тыс жерлерге ТТЖ-ға кету бойынша (8,4 млрд. теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (5,4 млрд. теңге), мұрагерлерге (5,2 млрд. теңге) берілген төлемдерден тұрады. Салымшылардың (алушылардың) шоттарына аударылған таза инвестициялық кіріс 139,9 млрд.теңге мөлшерінде есепке алынды.

БЖЗҚ 2013 жылы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).


Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.04.2020 17:44

Мақаланың шыққан күні: 02.04.2020