Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Сәлеметсіз бе, менің атым Елена. Осыдан екі жыл бұрын мен Ресейге ТТЖ-ға кеттім, тек жақында ғана БЖЗҚ-дағы өз жинақтарымды алуға болатынын білдім. Шынымды айтсам, менде бір мәселе туындап тұр – мен тұрмыс құрып, тегімді өзгерттім, ал жарналар менің қыз күнімдегі тегім бойынша аударылған болатын. Енді мен ақшамды қалай алсам болады және қандай құжаттар тапсыру қажет?

Егер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында Сіздің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) не ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтарыңыз болса, онда сіздің Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрғылықты тұратын жерге кетуіңізге байланысты өз жинақтарыңызды алуға құқығыңыз бар.

Зейнетақы жинақтарын төлеуге арналған құжаттарды БЖЗҚ-ға мынадай тәсілдердің бірімен ұсынуға болады:

- өзіңіз келіп өтініш білдірген кезде;

- пошта байланысы арқылы;

- үшінші тұлға (сенім білдірілген адам) арқылы. Бұл ретте құжаттар сенім білдірілген адам БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп өтініш білдірген кезде ғана қабылданады.

Назар аударыңыз, өтініш берер алдында Сіз міндетті түрде ТТЖ-ға кетуді ресімдеуіңіз керек, өйткені, бұл заңнаманың зейнетақы төлемдерін алу үшін қойылатын міндетті талаптарының бірі. ТТЖ-ға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді қараған кезде «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелеріне өтініш білдірген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты болуы туралы мәліметтерге сұраныс жасайды. Жоғарыда аталған құжаттардың жарамсыздығы туралы мәліметтер алған жағдайда, БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады. Айта кетейік, БЖЗҚ-ға өзі келіп өтініш білдірген кезде міндетті түрде мына құжаттар ұсынылады:

1) БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысандағы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

2) егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, шетелдік паспорттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы (Ресей Федерациясы азаматының ішкі паспортын ұсынған жағдайда өтініш орындалуға жатпайды);

3) алушының банктегі шоты туралы мәліметтер.

Өтініш үшінші тұлға (сенім білдірілген адам) арқылы берілген жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттарға қосымша үшінші тұлға:

1) нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін;

2) үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы. Бұл ретте алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі нотариалды куәландырылады.

Өтінішті пошта байланысы құралдары арқылы берген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжат және өтініштегі алушының қолы да нотариалды куәландырылады.

Айта кету керек, БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін деректемелері өтініште көрсетілген алушының банктік шотына тек ұлттық валютада – Қазақстан аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде/банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттарға аударған кезде; сондай-ақ АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе Ресей рублімен – Қазақстаннан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ашылған банктік шоттарға аударған кезде жүзеге асырады.

БЖЗҚ-ға беру тәсіліне байланысты барлық қажетті құжаттардың өзекті тізбесін (өзі келіп өтініш білдірген кезде/пошталық байланыс құралдары арқылы/үшінші тұлға арқылы), оларды ресімдеуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ өтініш бланкілері мен төлем валютасының түріне байланысты оларды толтыру үлгілерін, сенімхаттардың үлгілерін,

уәкілетті мемлекеттік органдардың түсініктемелерін www.enpf.kz мекенжайы бойынша БЖЗҚ веб-сайтынан көруге болады, ондағы ақпарат үнемі жаңартылып отырады. Сонымен қатар, enpf.kz сайтындағы «Электрондық сервистер» бөлімінде құжаттарды онлайн режимінде алдын ала тексеру мүмкіндігі бар.

Шетелдік паспортты алу кезінде алушының деректемелері, атап айтқанда: тегі, аты, әкесінің аты - бар болса, туған күні өзгерген жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттар тізбесіне қосымша шетелдік құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды сақтай отырып ресімделген, негізгі 4 деректеменің өзгеру дерегін растайтын, төменде көрсетілген құжаттардың бірінің түпнұсқасын не нотариалды куәландырылған көшірмесін БЖЗҚ-ға ұсыну қажет:

1) Қазақстан Республикасының уәкілетті органының анықтамасы;

2) шет мемлекеттің уәкілетті органының анықтамасы;

3) тегін/атын/әкесінің атын өзгерту туралы куәлік / анықтама;

4) неке қию/бұзу туралы куәлік.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.03.2020 17:11

Мақаланың шыққан күні: 30.03.2020