Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Сәлеметсіздер ме, менің әкем полицияда жұмыс істейді және мен болашақта ол кісінің зейнетақысын қалай алатынын білгім келеді. БЖЗҚ-ның болашақ төлемдерде алатын рөлі қандай? Немесе төлемдердің барлығы тек бюджеттен қамтамасыз етіледі ме?

2016 жылдың басынан бастап әлеуетті құрылым қызметкерлері 01.01.1998 жылға еңбек сіңірген жылдарының бар-жоғына қарамастан толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстырылды. Зейнетақы мөлшері ақшалай қамтылымның (АҚ) 50% есебінен белгіленді, бұл ретте еңбек сіңірген жылдарының әрбір жылы үшін (25 жылдан астам) зейнетақы мөлшері 2% – ға, еңбек өтілінің әрбір жылы үшін – АҚ-дан 1% - ға, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 109 АЕК-тен (288 959 теңге) аспайтын мөлшерге көбейіп отырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына республикалық бюджет есебінен әскери қызметшілердің пайдасына бұрын жүзеге асырылып отырған міндетті зейнетақы жарналарының 20%-ын төлеу тоқтатылды. Осылайша 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алу құқығына жиырма бес және одан да көп жалпы еңбек өтілі бар, оның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте өткерген әлеуетті құрылым қызметкерлері және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасқа толуы не штаттың қысқартылуы немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтен, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтен босатылған тұлғалар ие.

Бұл ретте еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоттарынан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған жағдайда ғана туындайды. Сондай-ақ зейнетке шығып алған зейнеткерлерге бұған дейін толық емес көлемде тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу жүргізілді. Ол еңбек сіңірген жылдары мен зейнетақы ісіндегі қызметтен босатылған күндегі еңбек өтілін есепке ала отырып, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50% қайтарылған жағдайда зейнетақы төлемдерін толық көлемге жеткізу есебімен жасалды.

БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қалған жартысын (қалған 50%) пайдалану құқығы зейнетақы заңнамасының нормаларына сәйкес іске асырылатын болады.

БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар төмендегі адамдар ие:

1) зейнет жасына толғанда, ерлер 63 жасқа, әйелдер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59,5 жасқа толғанда. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жас, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жас, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жас, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жас, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жас, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жас, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жас.

2) зейнетақы жинақтары ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болған кезде сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау жолымен ерлер – 55 жасқа және әйелдер 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 51,5 жасқа толғанда;

3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер;

4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар.

Назар аударыңыз, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауды уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Сіздің әкеңіздің, яғни полиция қызметкерінің жағдайында зейнетақы төлемдерін тағайындауды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жүзеге асырады.

Осылайша еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі бойынша толық ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органына хабарласу туралы кеңес береміз.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.03.2020 16:36

Мақаланың шыққан күні: 30.03.2020