Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

Мен зейнетке шықтым, бірақ менің зейнетақы жинақтарым тек шамамен 300 мың теңгені құрады. Оларды мен біржолғы төлеммен бір-ақ алдым, енді менің БЖЗҚ-дағы шотым жабылды ма? Немесе солай тұра бере ме? Маған банктегі сияқты шоттың жүргізілгендігі үшін ақша төлеуге тура келіп жүрмей ме?

Жоқ, жеке зейнетақы шотын жүргізгені үшін БЖЗҚ төлем алмайды. Оған қоса, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес салымшының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары, төленген зейнетақы жинақтарының қайтарымдары, зейнетақы жарналарының түсімдері, өсімпұлдар және өзге де түсімдер болмаған жағдайда ЖЗШ зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырған күннен бастап 12 ай өткеннен кейін жабылады.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.03.2020 15:52

Мақаланың шыққан күні: 30.03.2020