Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Менің маркшейдер болып жұмыс істегеніме 25 жыл болды. Мамандығым еңбек жағдайлары қауіпті өндірістер қатарына кіреді. Мен өз ақшамды БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына аударғым келеді. Сондықтан білгім келетіні, біздің компания мен үшін МКЗЖ-ны БЖЗҚ-мен шарт жасалған күннен бастап аударуы керек пе әлде зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізілген, яғни 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударуы керек пе еді?

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Дәл осы күннен бастап Сіздің жұмыс берушіңіз Сіз үшін ай сайынғы табысыңыздың 5 пайызына тең жарна төлеуге міндетті болған. Айта кету керек, жұмыс берушілер МКЗЖ-ны зиянды (аса зиянды) өндіріс түрлері бойынша және сол өндірістерде қызмет ететін адамдарға ғана төлейді.

Бұл ретте төлемдер нақты жүргізілген және қызметкер кіріс алған жағдайда жұмыс беруші уақытылы есептемеген және аудармаған МКЗЖ сомаларын Мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе жұмыс беруші МКЗЖ төленетін қызметкерлердің пайдасына уәкілетті орган белгілеген есептелген өсімпұлмен әрбір кешіктірілген күнге (Мемлекеттік корпорацияға төленетін күнді қоса алғанда) аударуға тиіс. Жоғарыда көрсетілгенге сәйкес есептелген МКЗЖ мен өсімпұлдың толық және уақытында төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады. Бұл ретте қызметкердің пайдасына аударылған МКЗЖ қызметкердің БЖЗҚ-да МКЗЖ есепке алу үшін ашылған ЖЗШ-сы бар болған жағдайда, БЖЗҚ-дағы қызметкердің жеке зейнетақы шотына аударылуы мүмкін екендігіне назарыңызды аударамыз. Ал МКЗЖ-ны есепке алу бойынша ЖЗШ БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында көзделген нысан бойынша салымшы жазған өтініш негізінде ашылады.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.03.2020 15:27

Мақаланың шыққан күні: 30.03.2020