Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Құрметті салымшы (алушылар)!

Қазақстан Республикасы Президентінің короновирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу іс-шараларын күшейту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында, республикада төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығын басшылыққа ала отырып, «БЖЗҚ» АҚ жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша салымшыларды (алушыларды) жүзбе-жүз қызмет көрсетуден қашықтан (дистанциондық) қызмет көрсету режиміне уақытша ауыстырылғаны туралы (2020 жылғы 30 наурызға дейін) хабарлаймыз.

Осыған байланысты, 2020 жылғы 16 наурыздан бастап «БЖЗҚ» АҚ Атырау облыстық филиалының қашықтан (дистанциондық) қызмет көрсету режиміне ауыстырылды.

Сіз жинақтаушы зейнетақы жүйесі және «БЖЗҚ» АҚ электрондық қызметтерін қашықтан алуға ілеспе қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңесті төменде көрсетілген тәсілдер арқылы ала аласыз:

1) 09 сағат 00 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін мына телефон нөмірлері бойынша хабарласу арқылы:

- 8 7122 502644

- 8 771 171 72 50;

-8 771 171 72 53;

2) 1418 қысқа нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына хабарласу арқылы;

3) +7 777 000 14 18 телефон нөмірі бойынша Whats app, Viber, Facebook, ВКонтакте чат-бот арқылы; 4) www.enpf.kz Қордың корпоративтік сайтындағы онлайн-консультант арқылы; 5) enpf@enpf.kz  электрондық пошта бойынша өтініштер жіберу арқылы;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі аккаунттар арқылы. Қосымша Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтында орналастырылған ENPF ұялы қосымшасы және Жеке кабинет арқылы Қор қызметтерін онлайн алуға болады.

 

Түсіністік танытқаныңызға рақмет!


Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.03.2020 12:21

Мақаланың шыққан күні: 17.03.2020