Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Аңдатпа – хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 18 наурызында таңғы сағат 10.00-да Атырау қ., М.Өтемісов көшесі, 88 мекенжайында «Ашық есік күні» шарасын өткізеді.

Басты тақырып – «Алғашқы жарнаңызбен – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз!».

2019 жылдың қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында автоматты түрде шамамен 400 мыңдай жеке зейнетақы шоты ашылды. Сондықтан көптеген жаңа салымшылар алдағы «Ашық есік күні» шарасы арқылы Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі туралы толыққанды ақпарат алу мүмкіндігіне ие болады.

Осы шара аясында «БЖЗҚ» АҚ филиалдарының мамандары келушілерге зейнетақыны жоспарлау, салымшылармен өзара байланысу арналары туралы әңгімелеп, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны есептеуге көмектесіп, барлық сұрақтар бойынша ақыл-кеңестер береді.

Шара соңында барлық қатысушыларға бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің ұсыныстары мен тілектерін білдіруге мүмкіндік беріледі.

Тағы да еске саламыз, «Ашық есік күні» шарасы Атырау қ., М.Өтемісов көшесі, 88 мекенжайында өткізіледі.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.03.2020 18:13

Мақаланың шыққан күні: 11.03.2020