Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.05.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 2019 жылғы қызметі туралы есебі

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

«Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма), Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би, 77.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Басқарма 5 (бес) қызмет түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде: 2 (екі) мемлекеттік қызмет ақысыз, 3 (үш) мемлекеттік қызмет ақылы.

Басқармамен 2019 жылдың қорытындысы бойынша барлығы - 529 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 5;

қағаз нысанда көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 1;

электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 523.

Тегін негізде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 230;

ақылы негізде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 299.

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

1. «Іздестіру қызметіне лицензия беру»;

2. «Жобалау қызметіне лицензия беру»;

3. «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру»;

4. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»;

5. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу».

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында және Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында (atyrau.gov.kz) орналастырылды.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Басқарма басшылығымен Атырау облысы әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында ай сайын тұрғындарды қабылдау өткізілді.

Қабылдау кестесі «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінде жарияланды.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Е-лицензиялау Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесін сүйемелдеу аясында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметкерлері түсінік жұмыстарын жүргізіп, орындалған жұмыстар туралы хаттамалар мен сауалнамалар толтырды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы уақытылы және сапалы жүргізілді, сонымен қатар алдағы уақытта мемлекеттік қызметтер көрсетуді электрондық нысанда жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғастырылады.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар болған жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Атырау облысы әкімі аппаратына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмыстар туралы есеп тоқсан сайын жолданды.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында аталған бағыттар бойынша жұмыстар жалғастырылуда.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.03.2020 17:32

Мақаланың шыққан күні: 03.03.2020