Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Толығырақ айтып беріңізші, мемлекеттік кепілдікті қазіргі уақытта қалай ресімдеуге болады, қайда өтініш жасау керек

2018 жылғы қазаннан бастап зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік «ұйғарым бойынша» есептеледі, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін, сондай-ақ БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдерін алу үшін бір өтініш берген кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) бірыңғай өтінішпен және құжаттар жинақтамасымен жүгіну қажет.

Өтінішке орай, мемлекеттік кепілдік төлемі әр адам үшін арнайы әзірленген әдістеме бойынша жеке есептеледі және салымшы төлемді, егер оған тиесілі болса, өзінің банктегі шотына алады.

Азаматтардың басқа санаттары, яғни егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, І және ІІ топ мүгедектері, Қазақстанның шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдар, МЗЖ, МКЗЖ аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекеттік кепілдік төлеміне құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері зейнетақы төлемдерін алу үшін БЖЗҚ-ға, ал мемлекеттік кепілдік төлемі үшін ХҚО-ға хабарласады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдіктің бірегей үлгісі жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекет алушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының алушы зейнетақы төлемдеріне құқықты алған кездегі инфляция деңгейiн ескере отырып, жарналардың нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

Мемлекеттік кепілдік төлемі (инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен біржолғы төлемді білдіреді. Мемлекет кепілдік бойынша төлем жасау құқығына салымшылар зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ие болады. Бұдан бөлек, мұндай құқыққа егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, І және ІІ топ мүгедектері, Қазақстанның шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдар, МЗЖ, МКЗЖ аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекеттік кепілдік төлеміне құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері ие.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.02.2020 18:06

Мақаланың шыққан күні: 25.02.2020