Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Қайырлы күн, жақында маған инфаркт дертіне шалдыққаннан кейін екінші топ мүгедектігі берілді. Менің барлық жинақтарымды емделу үшін бірден бірақ беруі мүмкін бе

Қазіргі уақытта қолданыстағы «ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы белгілі бір жағдайларда, соның ішінде мерзімсіз уақытқа 1 және 2 топ мүгедектігі тағайындалған кезде басталады. Осылайша егер 2-топ мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған болса, Сіз БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тек ай сайын белгіленген кесте бойынша ала аласыз.

Қазі кезде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет жанынан арнайы құрылған жұмыс тобы зейнетақы жинақтарын зейнетақы төлемдерінен басқа өзге де мақсаттарға, атап айтқанда, жинақтың бір бөлігін емдік қажеттіліктерге пайдаланудың түрлі нұсқаларын қарастыруда. Алайда қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша шешім қабылданған жоқ.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.02.2020 18:05

Мақаланың шыққан күні: 25.02.2020