Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Дзюдо

ДзюдоАвстрияның Оберварт қаласында дзюдодан Еуропа кубогы өтті. ҚР құрамасында атыраулық спортшы Қанат Сейілхан қола алқа тақты.

60 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Қанат 6 жекпе-жек өткізіп, 5-еуінде жеңіске жетті. Жартылай финалда спортшымыз ресейлік дзюдошы Иван Долгихқа есе жіберіп алды.

Жұбаныш раундында Қанат бразилиялық Эрик Такабатакеннен басым түсіп, қола алқа үшін күресте моңғол Сумябазар Энхтайванды жеңіп шықты.

- Қанат бізге 2004 жылы 10 жасында №1 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен (Авангард) келді. Ол өте талапты және еңбекқор. Тек сондай спортшыларға ғана спорттық шыңдарды бағындыруға болады. 2013 жылы ол жасөспірімдер арасында еліміздің чемпионы атанды, сол жылы Испания қаласы Малагада өткен Еуропа кубогінде «күміс» медальды қанжығасына байлады. Оның медалінің саны қисапсыз көп, - дейді жаттықтырушсы Қуаныш Сүлейменов.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.02.2020 14:44

Мақаланың шыққан күні: 20.02.2020