Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Атырауда алғашқы олимпиадалық жолдама бар!

2016 жылы Риода өтетін Олимпиадаға қатысатын Атырау үшін алғашқы жолдаманы зілтемірші Ниджат РАХИМОВ әкелді.
Бұл туралы облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Н. Ермұханов хабарлады. Жақсы жаңалық ауыр атлетикадан әлем чемпионаты болып жатқан Американың Хьюстон қаласынан келді.

Ниджат 77 келіге дейін салмақта чемпион атанып, олимпиадалық лицензияға ие болды. Ол жұлқа көтеруде 165 келі, серіппе көтеруде 207 келі көрсетіп, қоссайыс қорытындысында 372 келі жинады.
Н. Рахимов – ұлты азербайжан, Атырау намысын өткен жылдан бері қорғап жүр. Спортшыны ҚР құрамасының аға бапкері Алексей НИ мен облыстың аға жаттықтырушысы Тахир ХАЛМАТОВ жаттықтырады.
Мурат СУЛТАНГАЛИЕВ
http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.11.2015 05:51

Мақаланың шыққан күні: 26.11.2015