Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.08.2020

Қызметтер

Сенсейлердің қарапайымдылығы мен ұлылығы

Атырауда аты аңызға айналған Морио Хигаоннаның ізбасары, Окинава Годзю-Рю карате федерациясының (IOGKF) жетекшісі Сенсей Тетсуджи Накамураның және Англияның шеф-нұсқаушысы Сенсей Эрни Моленьюдің қатысуымен оқу-жаттығу және аттестациялық гашуку (семинар) өтті.
Үш күндік іс-шараға 60 қара және түрлі түсті белдік иелері қатысты. Бұлардың барлығы негізінен еліміздің барлық өңірлеріндегі дәстүрлі каратемен айналысатын нұсқаушылар мен аға шәкірттер.


Семинардың қорытындысында барлық қатысушылар сәйкесінше сертификаттар алып, содан кейін турнир өткізілді. Қатысушылар өз шеберліктерін ката және кумите бағдарламаларында көрсетті.
- Келген шеберлердің осындай семинарлар өткізудегі бай тәжірибелері барлығынан көрініп тұрды, - деп алған сезімдерімен бөлісті «Қайсар» клубының баспасөз хатшысы Ерлан Қабдуалиев. – Олар жоғары мәртебелеріне қарамастан өздерін өте қарапайым ұстады. Бұл мінездері және ең бастысы, шеберліктері семинарға қатысушыларға қатты әсер етті. Бізге көрсеткен әдіс-тәсілдері мен комбинациялары қарапайымдылығы және тиімділігімен таңғалдырды. Шебердің әдістерді әдемі орындағанын көріп отырып, жаттығуларға қаншама жылдар өткізгенін аңғарамыз.
Шеберлер Қазақстанның IOGKF басшылары Амангелді Кармен пен Айбат Рахмановтың еліміздегі дәстүрлі каратені дамыту жолында жасаған жұмыстарына оң баға беріп, атыраулық каратеші Болат Ізбасхановтың өнерін ерекше мақтады. Олар жергілікті каратешілердің қонақжайлылығына риза болып, дайындықтарының жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Айта кетсек, келесі жылы Қазақстанда Годзю-рю карате-доның негізі қаланғанына 25 жыл толады.
Семинарды облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының қолдауымен «Қазақстан Республикасының Окинава Годзю-рю Қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Қайсар» спорт клубы ұйымдастырды. ҚР ОГКҚ - International Okinawan Goju-ryu Karate-do Federation (IOGKF) ұйымының ресми мүшесі. Сенсей Амангелді Кармен (6-дан) 1994 жылдан бері ҚР ОГКҚ шеф-нұсқаушысы және төрағасы болып табылады.
«Қайсар» спорт клубы семинарды өткізуге қолдау көрсеткені үшін ата-аналар комитетінің мүшелері Марат Шырдабаев пен Ерлан Қабдуалиевке, «Ақ Желкен» шығармашылық орталығының директоры Нұрберген Әбдірешұлы Дәулетовке, сондай-ақ, дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Н. Ермұхановқа алғыс айтады.
Анастасия ПАСТУХОВА
http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.11.2015 10:43

Мақаланың шыққан күні: 04.11.2015