Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Атыраудың олимпиадалық үміттері

ОКҚ-нің жергілікті филиалында облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Нұржан ЕРМҰХАНОВ (суретте) атыраулық спортшылардың биылғы жетістіктері туралы әңгімелеп берді.
Оның пікірінше, 2015 жыл табысты өтіп жатыр. Қоржынымызда «Атырау» ФК қосалқы құрамы алған «алтын» медаль, жасөспірімдер арасында су добынан Қазақстан кубогы, ересектер арасында волейболдан ҚР кубогы, суға секіруден екі «алтын» медаль, баскетболдан ҚР чемпионатының «алтыны», волейбол мен хоккейден «қола», қазақ күресінен ҚР кубогында командалық 3-орын бар.


Мемлекет өңіріміздегі спортты дамытуға үлкен қолдау көрсетіп отыр, мәселен, заманауи бессайысты дамыту үшін 40 млн теңге бөлінді, - дейді Н. Ермұханов. Ол, сондай-ақ, олимпиадалық жолдамаларға үміткерлерді атады. Ауыр атлеттер Нижат РАХИМОВ пен Ермек ӨМІРТАЙҒА, әйелдер боксынан Назым ИЩАНОВАҒА, суға секіруден Алексей ПРИГОРОВҚАүлкен үміт артылып отыр. Сонымен қатар, спортшыларымыз күрес пен жеңіл атлетикадан лицензия ала алады деп күтілуде, алайда олардың аты-жөндері аталмады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.11.2015 10:33

Мақаланың шыққан күні: 04.11.2015