Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Сергей Передистый: «Біз бірден жетістікке жеттік»

Армрестлинг – спортшының міндеті қарсыласының қолын үстел бетіне басуға негізделген спорт түрі. Кейбір білектілер бұлшық еттің көмегімен жеңсе, кейбірі мықты жігері арқасында ұтады, екеуін қатар ұстаған адам үлкен жетістікке жетеді. Біз армрестлинг, кір тасын көтеру, бодибилдинг және стронгмен (күштік экстрим) бойынша облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Григорьевич ПЕРЕДИСТЫЙМЕН (суретте) сұхбаттастық.

 


АЗИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНДАРЫ КӨП


Сергей ПЕРЕДИСТЫЙ.
- Атыраудағы армрестлинг тарихы 1998 жылдан бастау алады. Сол кезде мен облыстағы армрестлингтен тұңғыш спорт шебері Артур Зарифовпен бірге спортшыларды жаттықтыра бастадым. Нәтиже көп күттірмеді, шәкірттеріміз республикалық және халықаралық жарыстарда жүлде ала бастады.
Қалалықтар армрестлинг шеберлері туралы көп біле бермейді. Мен өз шәкірттерімнің танымал болғанын қалаймын. Олар жұмыс жасайды, алайда жаттығуға уақыт тауып, қала алаңдарында өнер көрсетеді, осылайша саламатты өмір салтын насихаттап жүр.
Өңіріміздегі ең атақты армрестлерлер қатарына келесілер қосылады: Александр Максин - Азия чемпион, Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы; Константин Тарабрин – Азияның екі дүркін чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы; Мұрат Әбуталиев - Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы; Нұржан Қазиханов – 2015 жылғы Азия чемпион, 2014 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері; Дмитрий Акунишников пен Талғат Әбуталиев – Қазақстанның спорт шебері, ҚР чемпионаттарының жүлдегерлері. Сонымен қатар тағы да жиырмаға жуық спортшы жоғары деңгейлі турнирлерде жақсы нәтижелер көрсетіп жүр.
Үстіміздегі жылдың мамыр айында атыраулық армрестлерлер түріктің Анталия қаласында өткен Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Н. Қазиханов 75 келіге дейінгі салмақта «алтын» алса, К. Тарабарин 65 келіге дейінгі салмақта «күміс» иеленді. 70 келіге дейінгі салмақта М. Әбуталиев үшін орын алса, інісі Талғат 80 келіге дейін салмақта 4-орынға табан тіреді.
- Сіздің жаттықтыруларыңызға баланы қалай жазуға болады?
- Біз «Атырау» ДСК-нде дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері кешке жаттығу жасаймыз. 16 жастан асқан балаларды қабылдаймыз.
«МАЛАЙЗИЯҒА БАРАМЫЗ. ҚОЛДАУ КӨРСЕТІҢДЕР!»
- Қандай жоспарларыңыз бар?
- Алдымызда екі үлкен жарыс тұр – Ақтауда өтетін Қазақстанның ашық чемпионаты мен Малайзия астанасы Куала-Лумпурде болатын әлем чемпионаты. Екі турнир де қыркүйек айында өтеді. Қолдау көрсететін демеушілер табылады деп үміттенеміз.
Шілде айында біз Мұнай және газ институты аумағында стронгменнен (күштік экстрим) жарыс өткіздік. Бағдарламада 160 келілік зілтемірді жерден көтеру, К-700 тракторының 270 келілік тегіршегін аудару, КамАЗ жүк көлігін сүйреу сайыстары болды. Турнирге 11 спортшы қатысып, Қазақстан ашық чемпионатына баратындар іріктелді. Бас жүлдені пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Эдуард Қабдешев жеңіп алды. Ол - Атырауда пауэрлифтингтің негізін қалаушылардың бірі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Александр Литвиновтың шәкірті.
Күміс және қола жүлде иелері жарыс соңына дейін белгісіз болды. Қорытындысында «күміс» Николай Кучкиннің еншісіне, «қола» пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дмитри» Лиге бұйырды. Күштік спорт түрлерін дамытуға қолдау көрсетіп отырған облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Н.М. Ермұхановқа алғыс айтқым келеді.
Өткен жылы біз Алматыда өткен бодибилдинг, боди-фитнес, атлет мүсін және модель мүсін бойынша ҚР кубогына қатыстық. Спортшыларымыз сол жерде де жақсы өнер көрсетті. 100 келіге дейін салмақта Николай Котов «алтын» ұтса, Александр Любин (70 келіге дейін) мен Роман Иващенко (90 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.
Өткен жылдың тамызында Атыраудағы «Маяк» түнгі клубында өткізген бодибилдингтен Батыс Қазақстанның І ашық чемпионаты осы Кубокке дайындық болды. 8 тамызда қаламызда Батыс Қазақстанның ІІ ашық чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз. Атырау, Ақтау, Ақтөбе және Астраханнан 14 бодибилдер қатысуға ниет білдірді.
http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.08.2015 10:18

Мақаланың шыққан күні: 07.08.2015