Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Олимпиадалар

«Балықшы» ДСК-нде IV облыстық паралимпиадалық ойындар өтіп, тамыз айында Павлодарда болатын Қазақстан Паралимпиадалық ойындарға қатысатын спортшылар іріктелді.
Жарыстарға облыс қалалары мен аудандарынан 60-тан аса мүгедек спортшы қатысты. Бағдарламаға жеңіл атлетика, жүзу, пауэрлифтинг, үстел теннисі және ату кірді.


Жеңімпаздар: ядро лақтыру – Тұрлан Қаратаев, Биғайша Махаева, көзі нашар көретіндер арасында (әрі қарай д.к.) – Разия Аманбердиева; найза лақтыру – Ерлан Бектеміров, Б. Махаева, д.к. – Арайлым Садрешова; диск лақтыру – Е. Бектеміров, Б.Махаева д.к. – Р.Аманбердиева; ұзындыққа секіру – Самат Есқалиев, Ләззат Молдабаева, д.к. – Р. Аманбердиева; 200 метрге жүгіру – Жасұлан Бисенов, Бақыт Өтешова, д.к. – Аман Ешімов, Р.Аманбердиева; 400 метрге жүгіру – Талғат Хами, Б. Өтешова; 1 500 метрге жүгіру – С. Есқалиев; жүзу – Екатерина Обратнова, Құрманғазы Абдулмұратов, Ержан Сәлімгереев; пауэрлифтинг – Әбілмәжен Сәрсенғалиев, Есбол Юриев, Қажымұқан Нұрмағам-бетов, Сырымбек Нығметов, Бақтыгүл Ғинаятова, Индира Назарбаева; үстел теннисі – Мәди Имаков, Мухадия Қуангереев, Нұржан Қасанов, Махамбет Насихан, Эльмира Балманова, Людмила Фокина; винтовкадан ату – Руслан Айтпаев, Күміс Жұмағалиева, тапаншадан ату – Қанат Шияпов және Б. Махаева.
«Атырау облысы мүгедектерінің спорт клубы» Паралимпиадалық ойындар өткізуге көмектескені үшін облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасына, «Азиякредит Банк» АҚ, «Г.А. Көшмұханов» ЖК және «Спортландия» дүкеніне алғыс айтады.

http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.07.2015 09:25

Мақаланың шыққан күні: 18.07.2015