Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Бүгінде еліміздің шалғай аудандарында Қорының «Мобильдік кеңсе» деп аталатын жобасы ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр

Бұл жоба шалғайда орналасқан елдімекендер мен бөлімшелері жоқ аудандардың тұрғындарын зейнетақы қызметтерімен толыққанды қамту мақсатында қолға алынған. «Мобильдік кеңсенің» жолға шығуы арнайы жоспар бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергілікті әкімдікпен алдын ала келісіледі және тұрғындар оның келу уақытын алдын ала біліп отырады. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру таратылады. Бұл ретте жергілікті атқарушы органға хабарласып, елді мекеніңізді жоспарға енгізу жөнінде өтініш беруіңізге де болады. «Мобильді кеңселер» келесі облыстарда жұмыс істейді: Алматы, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Павлодар және Солтүстік Қазақстан. Келесі 2020 жылы тағы үш облыс қосымша «Мобильді кеңселермен» қамтамасыз етіледі: Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан. Одан басқа шалғай елдімекендерді зейнетақы қызметтерімен қамту мақсатында «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ бірлескен жобаны іске қосты. Соған сәйкес зейнетақы қызметтері «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы көрсетіледі.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.01.2020 11:52

Мақаланың шыққан күні: 23.01.2020