Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Түріктің Анталия қаласында армрестлингтен Азия чемпионаты өтті.

Жарысқа 15 елден 300-ден аса атлет қатысты. Қазақстан құрамасының сапында атыраулық білектілер Константин Тарабрин, ағайынды Мұрат пен Талғат Әбуталиевтер және Нұржан Қазиханов күш сынасты. Константин 65 келіге дейінгі салмақта қатысты. Ол бес қарсыласын жеңіп, финалда әлем чемпионы, өскемендік Рүстем Маликовтан ұтылып қалды. Нәтижесінде «күміс» жүлдегер атанды.

70 келіге дейінгі салмақта Мұрат Әбуталиев үш айқаста жеңіп, екеуінде ұтылды. «Қола» үшін болған күштесуде Тәжікстан құрамасының мүшесінен басым түсті. Мұраттың бауыры Талғат 80 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, екі кездесуде ұтып, екеуінде ұтылып қалды. Қорытындысында 4-орын иеленді.
75 келіге дейінгі салмақта Нұржан Қазиханов Өзбекстан, Жапония, Үндістан, Пәкістан, Иран спортшыларын жеңіп, финалда қырғыз атлетін ұтып, Азия чемпионы атанды. Осылайша ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін қорғады. Нұржан 30 жаста, 6 жасынан бастап армрестлингпен айналысады. Бапкері - Сергей Передистый. Спортшылар мен олардың жаттықтырушылары қолдау көрсеткені үшін дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Н. Ермұханов пен оның орынбасары Г. Қаленоваға алғыс айтады.

 

http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.05.2015 16:44

Мақаланың шыққан күні: 12.05.2015