Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

Ресейдің Орск қаласында2004-05 ж.т. ер балалар арасында баскетболдан халықаралық турнир өтті.

«Атырау Барыстары» баскетбол академиясының командасы6 ойын өткізіп, төртеуінде жеңіске жетіп, нәтижесінде2-орын алды. Бексұлтан Тілепберген, Никита Крюков, Сержан Мырза, Ілияс Рахмет турнирдің үздік ойыншылары атанды. Балаларды Асқар Айтуғанов жаттықтырады.
Жаттықтырушылар мен спортшылар қолдау көрсеткені үшін облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Н. Ермұхановқа және«Атырау Барыстары» облыстық баскетбол командасы» КМК директоры Б. Мұхамбетқалиевқа алғыс айтады.

Ганюшкинода дүниге келген 17 жастағы жігіт Артем ПАРФЕНОВ (суретте) «Атырау Барыстары» командасы құрамында баскетболдан Қазақстан Жоғары лигасы чемпионатының«алтынына» ие болып, спорт шебері атанды.
24 наурызда«Атырау» ДСК-нде«Атырау Барыстары» және«Қазығұрт» (Шымкент) командалары арасында Жоғары лига чемпионатының екінші финалдық матчы(серия бір команданың екі жеңісіне дейін созылады) өтті. Жақында өткен алғашқы матчта«Барыстар» 74:48 есебімен ұтқан еді.
Екінші матч тартысты өтті. Қонақтар бірден есепте алға шығып, 10 ұпай айырмашылығын ойынның ортасына дейін ұстап келді. Содан кейін ғана«барыстар» сілкініп, есепті өз пайдаларына шешті: 96:89.
Бұл ойында«Барыстардың» барлық үш легионері де, жергілікті ойыншылар- Жалғас Нұрғалиев, Ибрагим Қонысов, Рустам Өтеген, Әлішер Төлеуов, Айбар Қабдрашев, Қадыржан Ғұбашев, Асқар Табешевтар да жақсы өнер көрсетті. Ал, Артем команда қоржынына6 ұпай салды.
Командадағы тәжірибелі ойыншы, 2008 жылы Жаңа Зеландияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында ширек финалға дейін жеткен Вадим Бураков жаттықтырған әйгілі Қазақстан құрамасының мүшесі Қ. Ғұбашев бұл ойында бар шеберлігін көрсетіп, 7 айып добын, 3 екі ұпайлық, 5 үш ұпайлық соққы жасады. Жарайсың! ҚР баскетбол федерациясының вице-президенті Марат ШАКИРОВ былай дейді:
- «Барыстардың жеңісіне «Қазығұрт» сапында негізгі орталық ойыншысы Павел Дынниктің ойнамағаны көп көмектесті. Ол ойын қарсаңында жарақат алып, үйіне кетті. Алайда «Барыстар» чемпионат басынан бері көш бастап, финалдық турды өз алаңында өткізу құқығына ие болды. Жоғары лиганың финалына шыққан «Барыстар» мен «Қазығұрт» Қазақстанның Ұлттық лигасының ширек финалында ойнау құқығына ие болды. Осы ойындарда жеңіске жетсе, Ұлттық лиганың «Төрттік финалына» шығады. Сәттілік тілеймін!
http://azh.kz/

 

 

 

 

 


Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.05.2015 16:59

Мақаланың шыққан күні: 05.05.2015