Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.05.2020

Қызметтер

Ішкі конкурс: Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы, E-3 санаты

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға осы мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.

Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты, индексі-060400, мекен-жайы - Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, анықтама үшін телефоны: 8(71233)2-15-36, 8(71233)2-14-22, e-mail: k_kadr_bolimi@mail.ru, kurm.akimat@atyrau.gov.kz

 

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы, E-3 санаты.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 112730 теңгеден 152017 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері

Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық. Бөлім мамандарының міндеттерін бөліп беру, аппарат және әкімдік мәжілістеріне бөлімге қарасты жұмыстар бойынша мәселелер ұсынып, дайындау. Аудан әкімінің, аппарат басшысының қызметін және олардың қатысуымен өткізілетін әртүрлі іс–шаралардың ақпараттық–талдау және ұйымдастыру жағынан қамтамасыз ету жұмыстары. Бөлімге қатысты ашық деректер порталымен жұмысын үйлестіру. Сайлауға және референдумға дайындық және өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен, Үкіметінен, министрліктерден, облыс әкімшілігінен келіп түскен нормативтік құқықтық актілеріне және құжаттардың уақытылы орындалуына бақылау жүргізу мен облыстан келген қатынас хаттар негізінде бақылаудан түсіру жұмыстарының орындалуын ұйымдастыру. Аудан әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуiн, жиындарын әзiрлеу, өткiзу және ресiмдеу жұмыстарын ұйымдастыру. Аудан бойынша жасақталған іс–шаралар жоспарының орындалуы жөнінде есептерді дайындау. Бөлімінің атқаратын жұмыстары жөнінде дербес бөлімдерімен жергілікті әкімдердің жұмыстарына басшылық, үйлестіру жұмыстарын жүргізу. Өзі басшылық жасайтын бөлімдегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру, қадағалау, басшылық жасау. Ауданның жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының орындалуын бақылау, оған мониторинг жүргізу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және «Е–әкімдік» ақпараттық жүйесін үйлестіруге басшылық жасау. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен әр–түрлі жиналыстарда берген тапсырмаларға уақытылы орындалуына жөнелтілуін және орындалған тапсырмаларды бақылаудан түсіруге байланысты жұмыстарды ұйымдастырады. Өз құзреттері шегіндегі мәселелер бойынша аудан әкімінің басқа да жоғары тұрған тұлғалардың Заңнамалар талаптарына сәйкес берілген тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім:

құқық; әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес; білім; техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, автоматтандыру және басқару); гуманитарлық ғылымдар.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Құрманғазы аудан әкімі аппаратында өтеді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

_________________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені______________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі Талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

____________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 _____ ж.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2020 16:45

Мақаланың шыққан күні: 10.01.2020