Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Саламатсыз ба! Менің апам бірінші топтағы мүгедек. Сондықтан жұмыс істей алмайды. Ол болашақта Қордан лайықты зейнетақы төлемдерін алуы үшін Қордағы шотына ерікті жарна аудара аламын ба?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ешқашан жұмыс істемеген мүгедектер, мүгедектік тобы мен мерзімділігіне қарамастан БЖЗҚ-дан тек ерікті зейнетақы жарналарынан құралған жинақтар есебінен ғана төлемдер ала алады. Сондықтан Сіздің шешіміңіз дұрыс.

Ерікті зейнетақы жарналары – салымшылардың ерікті түрде БЖЗҚ-ға өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына аударатын ақша. Ерікті жарналар апаңыздың болашақта мемлекеттік бюджеттен алатын базалық зейнетақысына елеулі қосымша қаражат болады.

Қорға аударылатын зейнетақы жарналары бекерге жатпайды, әр түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады. Сәйкесінше зейнетақы шотына күн сайын инвестициялық табыс есептеліп отырады.

Айта кетелік, ерікті жарналардың мөлшері мен аудару жиілігін өзіңіз белгілейсіз. Мысалы, желтоқсан айында 10 000 теңге, ал қаңтар айында 4 000 теңге аударуыңыз мүмкін. Яғни, жарна көлемі қаржылық мүмкіндігіңізге байланысты.

Айтпақшы, ерікті жинақтардың артықшылығы сол, оны 50 жасқа толған соң ала беруге болады. Бұл ретте алушы жинақ ақшасын өз қалауымен бір рет толығымен немесе бөліп: ай сайын, үш ай сайын немесе алты ай сайын ала алады. Бұл туралы өз өтінішінде көрсетеді. БЖЗҚ-дан ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді алуға қажетті құжаттардың тізімі enpf.kz сайтында көрсетілген.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.01.2020 18:01

Мақаланың шыққан күні: 08.01.2020