Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

Қайырлы күн, осыдан екі апта бұрын мен күйеуіммен ажырастым. Енді бізді алда сот күтіп тұр. Мүліктерді бөлісеміз. Менің сұрайын дегенім, зейнетақы жинақтары жұбайлардың бірге жинаған ортақ мүлігі болып табыла ма?

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезінде жинаған мүлкі олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету ерлi-зайыптылардың екеуінің келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Алайда зейнетақы активтері заттық құқықтар тобына жатады. Яғни, зейнетақы жинақтарының иесі және оның зайыбы бұл жинақтарға зейнет жасына толғанда немесе заңнамада көрсетілген басқа да жағдайлар туындамай жатып иелік ете алмайды.

Осылайша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жатқан және алынбаған зейнетақы жинақтары ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі болып табылмайды.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.01.2020 16:25

Мақаланың шыққан күні: 08.01.2020