Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырауда жапон жекпе-жегінің бір түрі - Дайто-рю Айки-дзю-дзюцудан II халықаралық семинар өтті

Семинарды Ресей ұйымының ресми өкілі, Дайто-рю Айки-дзю-дзюцудан 3-ші дан иегері Евгений Бодренко жүргізді.
Шараны Атырау Айкидо Айкикай федерациясы (президенті Н. Шайхиев) ұйымдастырды. Семинар қорытындысы бойынша 4 және 5 кю бойынша аттестация жүргізілді.

Максим Ульчёнков, Ахмет Атабаев, Нұрлан Шайхиев емтиханды сәтті тапсырды. Бағдарламада Дайто-рю Айки-дзю-дзюцу базалық техникасына машықтану және оны соғыс жағдайында қолдану қағидаттары көрсетілді.
- Семинарлар арқылы оқыту - Дайто-рю Айки-дзю-дзюцуді қашықтан үйретудің жалғыз тәсілі. 2 күндік семинар білікті ұстазсыз өз бетіңше шұғылданған айлардан артық пайда әкеледі. Ешқандай кітап, ешқандай бейнематериал тікелей қарым-қатынас жасауды ауыстыра алмайды, - дейді Н. Шайхиев.
Ол басқарып отырған федерация Жапонияға Дайто-рю Айки-дзю-дзюцудің бүкіләлемдік орталығына баруды жоспарлап отыр.
http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.01.2015 14:01

Мақаланың шыққан күні: 08.01.2015