Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Атырау қаласының спорттық қауымдастығы алтын медаль ұтқан «Атырау» командасын салтанатты түрде қарсы алды.

Атырау қаласының спорттық қауымдастығы темір жол вокзалында 2002 ж.т. жасөспірімдер арасында су добынан ҚР ашық чемпионатында алтын медаль ұтқан «Атырау» командасын салтанатты түрде қарсы алды.

Біздің жас ватерполшыларымыз «Астана» (10:7), «Челябинск» (14:7), «Астана-2» (14:0) және «Тараз» (7:5) командаларын тас-талқан етіп ұтты. «Қарағанды» командасымен болған соңғы матчта жаттықтырушы Ернұр Қойлиевтің шәкірттеріне чемпион болу үшін тең есеп те жарайтын еді. Олар бұған қол жеткізді – 9:9. 2-ші және 3-орындарды сәйкесінше «Челябинск» және «Қарағанды» командалары алды.
«Атыраудың» қорғаушысы мен шабуылшысы Никита Ковальчук пен Кенжебай Сәттібек өз амплуаларында үздік деп танылды. Биылғы чемпионат бір турдан тұрды. Келесілері үш турдан болмақ. Атыраулық ватерполшылар өз титулдарын сақтап қалуға бар күштерін салмақшы.


Источник: http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.12.2014 05:46

Мақаланың шыққан күні: 19.12.2014