Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырауда 1-БЖСМ-нің (Привокзальный) 60 жылдығына арналған еркін күрестен облыстың ашық біріншілігі өтті.

Атырауда 2003-04 және 2005-06 ж.т. жасөспірімдер арасында 1-БЖСМ-нің (Привокзальный) 60 жылдығына арналған еркін күрестен облыстың ашық біріншілігі өтті.
Анықтама үшін: Атырау қаласындағы ірі спорт мектептерінің бірі - 1-БЖСМ 1954 жылы ашылған (алғашқы директоры – Николай Тен). Бастапқыда бұл мектепте жүзге жуық гимнастшы, теннисші, баскетболшылар, қайық есушілер, жүзгіштер шұғылданды.

2008 жылы Привокзальныйда 1-БЖСМ-нің қазіргі ғимараты салынды және мұнда қазір мың жарымға жуық жан спорттың он түрімен айналысады. Мұнда 10 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 92 ҚР спорт шебері тәрбиеленді.
Жарысқа Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының қалалары мен аудандарының командалары қатысты. Командалық есепте 1-орынды 1-БЖСМ, 2-ші және 3-орындарды, сәйкесінше, Батыс Қазақстан облысы және Ақтөбе қаласының командалары алды. 1-БЖСМ жас палуандарын А.Сарбаев, А.Жаманбаев, А.Лекеров, Д.Қабдолов, М.Нұрлыбеков және К.Жексемалы жаттықтырады.


Источник: http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.12.2014 04:51

Мақаланың шыққан күні: 19.12.2014