Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Ереванда сенсей Шигеру Сугавара жетекшілігімен айкидодан халықаралық семинар мен фестиваль өтті.

Ереванда сенсей Шигеру Сугавара (7 дан Хомбу Додзё) жетекшілігімен айкидодан халықаралық семинар мен фестиваль өтті.

Семинарды Арменияның айкидо айкикай федерациясы ұйымдастырды. Осы халықаралық форумға Қазақстан Республикасы атынан Атырау облыстық айкидо айкикай федерациясы(президенті Нұрлан ШАЙХИЕВ, 3-дан) қатысты. Семинар аясында Армения, Ресей, Грузия, Литва өкілдерінің қатысуымен фестиваль болды. Семинардың қорытындысы бойынша айкидо айкикайдан қара белдік алу құқығына аттестация мен дан-тест өткізілді. Атыраулықтар арасынан 2-данға Александр Маркелов, 1-данға Миннеахмет Атабаев, Асхат Қанатов, Денис Лачугин, Максим Ульчёнков, Қайрат Жамауовтар емтихан тапсырды. Семинар татулық жағдайында өтіп, қатысушыларға айкидоны тануда тағы бір құнды тәжірибе болды. Спортшылар облыстық туризм және спорт басқармасына (басшысы Нұржан Ермұханов) қолдау көрсеткені үшін алғыс айтады.


Источник: http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.12.2014 07:16

Мақаланың шыққан күні: 18.12.2014