Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.05.2020

Қызметтер

Үміткерлер көбейді

 

Шымкентте БЖСМ, олимпиадалық резерв дайындау орталықтары және спорт интернаттары шәкірттерінің арасында таеквондодан (WTF) Қазақстан чемпионаты өтті. 

Чемпионатқа еліміздің700-ден аса жас таеквондошылары жиналды.

Жүлдегерлерге спорт шеберлігіне үміткер атағы берілді. Спортшыларымыздың басты қарсыластары Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларының құрамалары болды. Атыраулықтар есе жіберген жоқ, қоржын жүлдеге толды. 

Артур Серік пен Алдияр Ғаділбеков ҚР чемпионы болса, Арыстанбек Әбдіқұлов, Мұрагер Жұбаналиев, Хадиша Ахметқалиева және Ержан Өтегенов «күміс» медаль иеленді. Ал, Әли Байырханов, Арыстанбек Өтепбергенов, Нұрсұлтан Қабдрахманов, Данияр Базарбаев, Дамир Бисембай, Азамат Төлеуов, Арайлым Асқарова, София Амангелдиева, Динара Меңдіғалиева және Инабат Жолдығұлова «қолаға» қол жеткізді. Спортшылар 1-БЖСМ (Привокзальный) және 1-ОРМБЖСМ (Привокзальный) залдарында жаттығу жасайды.

azh.kz

***


Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.10.2014 10:43

Мақаланың шыққан күні: 16.10.2014