Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Анападағы жеңіс

Анапада кикбоксингтен дәстүрлі Әлем кубогы өтті. Барлық атыраулық файтерлер «фулл-контакт» санатында өнер көрсетті. Жарыс қорытындысында олар екі алтын, бір күміс және бір қола медальға ие болды.

Жеңімпаздар: 75 келіге дейінгі салмақта –Мейірлан Әсет, 81 келіге дейін –Дәурен Керимов. «Күміс» –86 келіге дейінгі салмақтаМереке Рыспаев, «қола» –57 келіге дейінГеоргий Волынский.

 

Әлем кубогында Батыс Қазақстан атынан шыққанАндрей Смирновтыңкүрделі «лоу-кик» (аяқпен тебуге рұқсат етілген) санатында алған «алтын» жүлдесін де атап өткен жөн. 36 жастағы Андрей бұрын Атырауда тұрып, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушыСүндеткерей Қасанғалиевтантәлім алған. Қазақстан чемпионы және Азия чемпионатының күміс жүлдегері. 

http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.10.2014 15:56

Мақаланың шыққан күні: 13.10.2014