Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

Алыптың күші

 

Мақат ауданының 90 жылдығын тойлау аясында қазақ күресінен «түйе палуан» абсолюттік салмақ дәрежесінде жарыстар өтті. Бас жүлдеге тігілген  жылқыны аса ауыр салмақты Қайрат Өтеген(суретте)(жаттықтырушылары Ж. Қиянов, Т. Мұқанов) иеленді. 

Бірінші айналымда Қайрат Наурызбек Өтеуовты жеңсе, екіншіде баяғы қарсыласы, дзюдодан спорт шебері Кенжебек Күзембаевты тізе бүктірді. Әрі қарай үшінші орын үшін белдесуде Кенжебек Амандық Рысқалиевтан ұтылып қалып, сыйлыққа фотоаппарат алды. Ал, жеңіске жеткен А. Рысқалиевқа ұйымдастырушылар ноутбук табыс етті. 

 

Қ. Өтеген мен «Атырау барысы» қазақ күресінен облыстық іріктеу турнирінің финалшысы Бекболат Салықов арасында өткен ақтық айқас өте тартысты өтті. Күрестің бес минут негізгі уақытында жеңімпаз анықталмады. Қосымша «белдесу» кезеңінде Қайрат ебін тауып, Бекболатты алып ұрды. Екінші орын алған Бекболатқа теледидар бұйырды. 

Суретті түсірген Ж. Қиянов

http://azh.kz/

 


Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.10.2014 15:52

Мақаланың шыққан күні: 12.10.2014