Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады

Тақырыбы: «Зейнетақыны жоспарлау»

2019 жылдың 29 қарашасында таңғы сағат 10.00-да «Ашық есік күні» шарасы өткізіледі :

1.Атырау қаласы, Пушкин көшесі, 163- қалалық «Нұротан» партиясының ғимаратында

2.Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары, Махамбет даңғылы, 105 - «Нұротан» партиясының ғимаратында

3.Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат ауылы, Сәтпаев көшесі, 71 - «Нұротан» партиясының ғимаратында

4.Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,. Құрманғазы, к. Абай, 6 - «Нұротан» партиясының ғимаратында

5.Атырау облысы, Индер ауданы, Индер, к.Қонаев, 12А - «Нұротан» партиясының ғимаратында

6.Атырау облысы, Исатай ауданы, с. Аққыстау, к.Д.Абилхирова,32 - «Нұротан» партиясының ғимаратында

7. Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет, Абай көшесі, 25А - «Нұротан» партиясының ғимаратында

Аталмыш шара барысында «БЖЗҚ» АҚ мамандары мемлекеттік/ мемлекеттік емес органдардың: тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсететін қоғамдық бірлестіктер, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдерімен бірлесе отырып, болашақ зейнетақыны жоспарлау бойынша ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қор мамандары бұған қоса зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңыздылығы туралы әңгімелеп, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны жоспарлау жолдарын үйретеді және Қордың салымшылармен байланыс жасау арналары туралы мағлұматтар береді.

Шараға қатысушылар тек күн тәртібіндегі тақырып бойынша ғана емес, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі, сондай-ақ өздерінің жинақтары туралы да сұрақтарға тиянақты жауаптар алады.

 

«БЖЗҚ» АҚ өзінің салымшылары мен алушыларын және барлық ниет білдіруші азаматтарды

«Ашық есік күні» шарасында күтеді!


Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.11.2019 12:21

Мақаланың шыққан күні: 22.11.2019