Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

Мықтылар сайысы

 

Ақтауда күштік спорт түрлері – стронгмен, армрестлинг, жатып зілтемір көтеруден 3-ші халықаралық турнир өтті.

Жарысқа Тольятти, Астрахан, Астана, Алматы, Қарағанды, Жаңаөзен, Атырау және Ақтау қалаларының алыптары қатысты. Атлеттердің өнерін тамашалауға көрермендер көп келді, бұл қарауға тұрарлықтай да еді...

 

Алдымен 3 салмақ дәрежесінде армрестлинг сайыстары болды. 65 келіге дейінгі салмақта 11 спортшы қатысты. Араларында атыраулық «СК-Альянс» фирмасының қызметкері Константин ТАРАБРИН де бар. Ол барлығын еш қиындықсыз ұтып, диплом мен 40 мың теңгені қанжығасына салды.

80 келіге дейінгі салмақта атыраулық білек шеберлері жүлделі үш орынды да алды: 1-орын (40 мың теңге сыйақы) – Нұржан ҚАЗИХАНОВ, 2-орын (20 мың теңге) – Дмитрий АКУНИШНИКОВ, 3-орын (10 мың теңге) –Александр ПОПОВ.

80 келіден жоғары салмақта жеңіс Азия чемпионы, астаналық Роман КУШЬЯЛОВҚА бұйырды. Ол финалда атыраулық Азия чемпионыАлександр МАКСИНДІ ұтты. Сашаның Романнан 40 келі жеңіл екенін айта кеткен жөн болар.

Абсолюттік салмақ дәрежесін-де жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1-орын – Р.Кушьялов, 2-орын А.Максин, 3-орын – Д.Акунишников. Жатып зілтемір көтеруде салмағы центнерден асатын атлеттер өнер көрсетті. Бұл сайыста тольяттилік спортшы жеңіске жетті. Ол 128 келі салмағымен 232,2 келі көтерді.

Күштік экстрим сайысы қызыққа толы болды. Спортшылар аса ауыр темірлерді итерді, көтерді, әрлі-берлі тасыды. Қорытындысында бас жүлде тағы да Р. Кушьяловтың қанжығасында кетті.

Спортшылар мен олардың жаттықтырушысы С. Передистый сапарларын қаржыландырған демеушілері – «СК-Альянс» компаниясы мен облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасына алғыс айтады.

Сурет aktau-fitness.kz сайтынан алынды

http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.10.2014 17:44

Мақаланың шыққан күні: 04.10.2014