Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Жеңіс жолында

 

Өскеменде дзюдодан КСРО спорт шебері Марат Чигеевті еске алуға арналған 13-ші халықаралық турнир өтті. 

Жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның

барлық облысынан 200-ден аса спортшы қатысты. 60 келіге дейінгі салмақта 1-ОРМБЖСМ шәкірті (жаттықтырушылары Қ. Сүлейменов, С. Нұралин) Шынболат ХАСАНОВ (суретте) «алтыннан» алқа тақты. Ол 5 белдесу өткізіп, барлығында да мерзімінен бұрын – «иппонмен» ұтты. 81 келіге дейін салмақта тағы бір атыраулық дзюдошы Сұңғат ЗАКАРЬЯЕВ (4-БЖСМ, жаттықтырушысы А. Қыздарбаев) «қола» жүлде алды.

http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.10.2014 17:34

Мақаланың шыққан күні: 04.10.2014