Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

Үш дүркін чемпион

 

Астанасы Вильнюсте армрестлинг бойынша XXXVI әлем чемпионаты өтті.

Сайысқа 42 елден 1000 шақты спортшы қатысты. Қазақстан құрамасыныңқұрамында атыраулық атлет Вали ФАРАДЖОВ та болды.

 

Вали 26 спортшының арасында 65 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. 11 жекпе-жекте жеңіске жетіп, финалда әлемнің 12 дүркін чемпионы Джамбул Виблианиді табандылықпен ұтты. Осылайша, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Вали Фараджов әлемнің 3 дүркін чемпионы атанды (ол алғаш рет Лас–Вегаста өткен 2010 жылғы әлем чемпионатында, екінші рет – 2013 жылы бразилиялық Сан-Паулуда жеңіске жеткен болатын).

2010 жылдан бері чемпион «Ариадна» ЖШС-де спорт нұсқаушысы болып жұмыс істейді. Ол «Ариадна» ЖШС бас директоры Алан Агубеевич Кайтуковқа үнемі демеушілік қолдау көрсететіні, сайыс ұйымдастырып, салауатты өмір салтын насихаттайтындығы үшін алғысын білдіреді.

http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.09.2014 17:05

Мақаланың шыққан күні: 29.09.2014