Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Италиядан келген үш «қола»

 

Итальяндық Римини қаласында өткен жастар арасындағы кикбоксингтан әлем чемпионатында атыраулық файтерлер үш қола медаль алды. 

Ел құрамасының сапында төрт атыраулық спортшы өнер көрсетті. «Фулл-контакт» санатында «қолаға» қол жеткізгендер: 51 келіге дейін – Жанәлі Сәлімгереев,

57 келіге дейін - Азамат Өтемісов және 81 келіге дейін – Эльдар Мұхитов. К-1 дәрежесі бойынша 57 келіге дейін салмақта Жандос Назарбеков үшінші орын үшін айқаста хорваттық спортшыға есе жіберді.

Облыстың аға жаттықтырушысы Рүстем ҚИСМЕТОВбылай дейді:

- К-1 дәрежесінде «фулл-контактқа» қарағанда төбелесу қиын. Өйткені мұнда аяққа тебеді, ал толық контактілі ұрыста тек денеге ғана тебуге рұқсат етіледі. 

Италияға барар алдында спортшылар Семейде жаттығу жиынын өткізді. Олар 2-БЖСМ-де Д. Юсупов, Қ. Қосақов және Е. Сақыпов сияқты жаттықтырушылардан дәріс алады. 

Спорттың осы түрінен облысымыздыңөз дәстүрі қалыптасқанын айта кеткен жөн. Марат Айтқалиев (2003), Қуанышбек Қосақов (2005), Абзал Дүсіпов (2013) әр жылдары әлем чемпионы болса, Талғат Қайрекешов (2008) жастар арасында Әлем кубогының иегері.

http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.09.2014 17:00

Мақаланың шыққан күні: 26.09.2014