Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атыраулық пара таеквондошы Еуропа чемпионы атанды

Атырауский пара-таэквондист стал чемпионом ЕвропыПара таеквондодан 8-ші Еуропа чемпионаты Италия елінде өтті. Чемпионатта кезекті рет жерлесіміз Нұрлан Домбаев керемет нәтиже көрсетті.

Нұрлан алғашқы кездесуінде өзінің басты қарсыластарының бірі украиналық спортшыны 36:24 есебімен ұтты. Ал алтын жүлде үшін тартыста түрік спортшысы бәсекелестік таныта алмады - 35:15.

Нұрлан Домбаев бұл турнирдегі жеңісі арқылы Токио 2020 паралимпиада ойындарына жолдама алып отыр. Қазіргі таңда әлемдік рейтингте бірінші орында келеді.

Еуропа чемпионаты ашық түрде өткендіктен, оған АҚШ, Жапония, Корея секілді әлемнің түкпір-түкпірінен мықты деген спортшылар қатысты. Пара таеквондо жазғы паралимпиада ойындарының қатарына алғаш рет қосылмақшы.

Осылайша, Нұрлан үш рет екі дүркін жеңімпаз. Жеңілісті білмейтін спортшымыз екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы, енді міне, екі дүркін Еуропа чемпионы. Бұған қоса аталған сайыстар Паралимпиада ойындарына жолдама беретін болғандықтан маңызы өте зор. Енді біз Нұрланнан Жапония елінде өтетін Паралимпиада ойындарында жоғары нәтиже күтетініміз анық.

Атырауский пара-таэквондист стал чемпионом Европы Атырауский пара-таэквондист стал чемпионом Европы Атырауский пара-таэквондист стал чемпионом Европы Атырауский пара-таэквондист стал чемпионом Европы

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.11.2019 16:00

Мақаланың шыққан күні: 08.11.2019