Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Спорт жаңалықтары

Спортивная хроникаГРЕК-РИМ КҮРЕСІ. Атыраулық спортшы Евгений Поливадов Будапеште өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатында қола алқаға ие болды. 82 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Евгений алдын-ала айналымда қырғыз Илгиз Билимовті 5:1 есебімен жеңді, содан кейін румын Георгий Владты оңай жеңді (11:0), бірақ жартылай финалда Хорватия өкілінен 1:2 есебімен ұтылып қалды. Қола алқа алу үшін күресте Евгений Армения өкілі Армен Вардумянды 16:7 есебімен жеңді.

АРМРЕСТЛИНГ. Румынияның Констанца қаласында өткен Әлем чемпионатында Атырау құрамасы сәтті өнер көрсетті. Жарысқа әлемнің 58 елінен мыңнан астам қолкүресшілер қатысты. Ардагерлер санатында атыраулық үш спортшы аға бапкер Сергей Передистыйдың жетекшілігімен өнер көрсетті. Олардың екеуі чемпион атанды. 80 келіге дейінгі салмақта Исатай ауданының спортшысы Алмагүл Қанатова 12 айқаста жеңіп, финалда ресейлік әйелден үстем болды. 80 келіден жоғары салмақта Махамбет ауданынан келген Рахия Молдашева финалда АҚШ өкілінен басым түсті.

АУЫР АТЛЕТИКА. Атырау облысының намысын қорғаған зілтемірші Нижат Рахимов Беларуссияның Гродно қаласында өткен халықаралық турнирде алтыннан алқа тақты. 81 кг дейінгі салмақ дәрежесінде ол серпе көтеруде 151 кг, жұлқи көтеруде 193 кг салмақ көтеріп, қоссайыс сомасы бойынша 344 кг жинады.

БЕЛДЕСІП КҮРЕСУ. Қазан қаласында өткен әлем чемпионатында №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Амандық Абылай қола жүлдеге ие болды. Жүлдегерді Асылбек Қалиев жаттықтырады.

КАРАТЭ. Чилидің астанасы Сантьяго қаласында кадеттер мен жастар арасында каратэден (олимпиадалық нұсқа) әлем чемпионаты өтті. Атыраулық спортшы, Жасөспірімдер олимпиадасы ойындарының жүлдегері, Азия чемпионы Әбілмансұр Батырғали 67 келі салмақта бақ сынап, барлық қарсыластарынан үстем түсіп, алтын алқа алды. Оның салмағында 60 елдің өкілдері бақ сынады. Алдын ала айналымда Әбілмансұр Шотландия өкілін 8:0, Австрияның - 2:1, Ресейдің - 2:0 және Бразилияның өкілін 3:1 есебімен жеңді. Жартылай финалда ол марокколық спортшыны 7:1 есебімен оңай жеңіп, финалда Түркия спортшысынан 2:1 есебімен басым түсті.

Спортивная хроника Спортивная хроника Спортивная хроника Спортивная хроника Спортивная хроника Спортивная хроника

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.11.2019 15:52

Мақаланың шыққан күні: 08.11.2019