Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

17.09.2014 Болашақ футболшылар алаңда

 «Судоремонтник» стадионында футбол орталықтары мен академиялары арасындағы Қазақстан біріншілігінің жартылай финалдық кезеңі аясында «Атырау-97» командасы Семей қаласынан келген құрдастарын 2:0 есебімен ұтты. 

Есеп айып добын орындау кезінде ашылды. Айбек Ғұмаровтыңқақырата тепкен добын семейлік қақпашы қайтарғанымен, алаң иелерінің команда капитаны Руслан МУФТОЛЛА серпілген допты қақпаға дарытты. 

Екінші таймда ақ-жасыл жейделілер басымдықты үдете түсті. Қауіпті сәттердің бірінде семейлік қорғаушы өз айып алаңында «Атыраудың» ойыншысы Валерий Андреевті шалып жықты.

 

Төреші еш ойланбастан 11 метрлік айып добын белгіледі. Жартылай қорғаушы Рафаэль Оспановтыңдобын қақпашы қайтарды, алайда, семейлік футболшылардың айып алаңына мерзімінен бұрын жүгіріп кіруіне байланысты төреші пенальтиді қайта орындауды талап етті. Екінші соққы қақпаға дәл дарыды. 

ОйындыҚазақстан футбол федерациясының спорттық директоры Қанат МҰСАТАЕВ(суретте)тамашалады. Ол қаламызға «Атырау» ФК футбол орталығы ұжымына жаңа техникалық директор, 49 жастағы украиналық маман Анатолий БЕЛЯЙДЫ таныстыруға келіпті. Анатолий 2013 жылы «Атырау» ФК ФО жұмысына жетекшілік еткен, содан кейін «Ақтөбе» ФК ФО-ға ауыстырылған. «Атырау» ФО-ның бұрынғы техникалық директорыВладимир ГРИГОРЬЕВОрал қаласына осындай жұмысқа кетті. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.09.2014 14:33

Мақаланың шыққан күні: 17.09.2014