Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

Отбасы спортқа кедергі емес

Ресейдің Кстово қаласында қала күніне және Кстово самбо мектебінің50 жылдығына арналған әскери самбодан Қазақстан құрамасы мен Кстово қаласы құрама командасы арасында «Чемпиондар айқасы» матчтық кездесуі өтті. 

Қазақстан құрамасын он спортшы қорғады. Олардың бірі - әскери самбодан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегеріҚанат ӘШІМОВөз айқасында жеңіске жетті. Өкінішке орай, матч қорытындысы бойынша құрама командамыз ресейліктерге 4:6 есебімен есе жіберіп қойды. Қанатпен бірге құрама сапынан Арман Оспанов, Сергей Зубков жәнеРуслан Аушев сәтті өнер көрсетті.


Қанаттың жаттықтырушысы, облыстық джиу-джитсу федерациясының директоры Айбар ЕСМАҒАМБЕТОВбылай дейді: 

-Қанат – болашағы зор спортшы. Ол - жастар арасында қоян-қолтық айқас бойынша Азия чемпионы, джиу-джитсудан Қазақстанның 4 дүркін чемпионы және әскери самбодан Әлем кубогы кезеңінің жүлдегері. 2013 жылы отбасын құрып, уақытша жаттығуларын тоқтатты. Біз оныңүлкен спортқа қайта оралып, Қазақстан құрамасының сапында сәтті өнер көрсетіп жүргеніне қуаныштымыз. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.09.2014 14:30

Мақаланың шыққан күні: 16.09.2014