Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Муай-тайдағы алғашқы халықаралық төреші

Тамыз айының аяғында Севастополь қаласында тай боксынан жабық чемпионат өткізілді. Тәуелсіз төреші ретінде атыраулық муай-тай шебері, ҚР спорт шебері, жаттықтырушы Бақытжан МҰХАМБЕТАЛИЕВ шақыртылды.  

Мұхамбеталиев – бүгінде осы спорт түрінен Қазақстандағы жалғыз халықаралық дәрежедегі төреші. Ол - «Қайсар» карате және муай-тай клубының жаттықтырушысы Айбат РАХМАННЫҢшәкірті.

- Алғашқы төрелік еткен айқасым әлі көз алдымда. Қатты толқып, қателік жібермеуге тырыстым, -деп есіне алды ол. – Бұл 2009 жылы Латвияның Лиепай қаласында болған еді. Ол кезде мен университетті аяқтап, ұлттық дәрежедегі чемпионаттарда төрелік етіп, ішкі істер органдарында жұмыс жасап үлгергенмін. Алайда, мен қашан да спортқа ұмтылдым, өзімді тек осы салада ғана көрсеткім келді. Сол 2009 жылы мен Тайландта сәйкесінше аттестациядан өтіп, халықаралық төреші атандым. 

 

Мұхамбеталиев «Қайсар» спорт клубындағы жаттықтырушылық жұмысын да ұмытпайды. Әлі күнге дейін жеке базалары жоқ жекпе-жек клубы қиыншылықтарға қарамастан 4 әлем чемпионын, 2 Еуропа чемпионын және 2 Әлем кубогының иегерін тәрбиеледі. 

Төрешінің айтуынша, Севастопольдегі чемпионат 5 күнге созылды. Қалаға Ресейдің барлықөңірінен 150-ге жуық спортшы жиналды.

- Мен күн сайын 10 жұпқа дейін төрелік еттім, - дейді ол, -бір байқағаным, ресейлік спортшылардың дайындық деңгейі өте жоғары, алайда, қазақстандық спортшылар олардан еш кем түспейді.  

Анастасия ПАСТУХОВА

http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.09.2014 08:28

Мақаланың шыққан күні: 19.09.2014