Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырау облысының кейбір объектілеріне атау беру және қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты ХХХV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына:

1) Атырау облысының келесідей білім беру және мәдениет ұйымдарын қайта атау:

«Жалпы білім беретін Нарын орта мектебі» мемлекеттік мекемесін – «Исатай аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Фариза Оңғарсынова атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.В.Гоголь атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін - «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін - «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Фариза Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін - «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

«Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Морской ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынын - «Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шабыт ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

«Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Калинин ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынын - «Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өнерпаз ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

«Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Киров ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынын - «Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жаңаталап ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

2) «Атырау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Хиуаз есімін беру бойынша ұсыныс енгізілсін.

2. Осы біріккен қаулы мен шешім оларға қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Облыс әкімі Сессия төрағасы

Н.Ноғаев А.Сисенов

 

Мәслихат хатшысы

Ө.Зинуллин


Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.10.2019 17:04

Мақаланың шыққан күні: 22.10.2019