Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Азиадада Гүлжайнаға жанкүйер боламыз

Қыркүйектің соңында оңтүстік кореялық Инчхон қаласында өтетін Азия ойындарында Қазақстан үшін әйелдер боксының үш өкілі: 51 келіге дейін  Жайна ШЕКЕРБАЕВА (Шымкент), 60 келіге дейін Гүлжайна ҮББІНИЯЗОВА (Атырау) және 75 келіге дейінгі салмақта еңбек сіңірген спорт шебері, Лондон Олимпиадасының жүлдегері Мария ВОЛЬНОВА (Астана) бақ сынайды.

 

Облыстық әуесқой бокс федера-циясының тете президенті Сәрсенбай ТОРҒАЕВ әңгімелейді:

Ағымдағы жыл басында Қазақстан Бокс Федерациясының нұсқауымен дайындығына жағдай жасауымыз үшін Гүлжайнаны Атырауға берді. Атыраулық спортшы Қазақстан чемпионатында, Польша мен Грекия турнирлерінде жеңіске жетіп, Азиадада еліміздің туы астында өнер көрсету құқығын иеленді. Жақында біз оны Астанадағы жиынға шығарып салдық, сол жерден ол Кореяға аттанады.

 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

http://azh.kz/

 


Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.09.2014 17:58

Мақаланың шыққан күні: 11.09.2014