Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

ҚР премьер-министрінің орынбасары Г.Әбдіқалықованың Нанкинде (Қытай) өткен ІІ жазғы Жасөспірімдер Олимпиадасы жеңімпаздарымен кездесуі (Астана қ., 12 қыркүйек 2014)

12 қыркүйек, 2014. Астана. «Сарыарқа» Республикалық велотрегінде  ҚР премьер-министрінің орынбасары Г.Әбдіқалықованың Нанкинде өткен (Қытай) ІІ жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздарымен кездесуі өткізілді.

Кездесуге ҚР мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Т.Есентаев, жас спортшылардың жаттықтырушылары мен жанұя мүшелері қатысты.

 

Кездесу кезінде олимпиада қатысушыларын естелік сыйлықтармен және алтын жүлде үшін 1,820 млн тг, күміс үшін 910 мың тг, ал қола жүлделі болғандарды 540 мың тг сертификаттарымен марапаттады. Сондай-ақ жас жеңімпаздардың жаттықтырушыларына да ақшалай марапат сертификаттары табыс етілді.

ІІ жазғы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы ресми емес топтық есепте 3 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлдемен 21 орынға табан тірегендігін еске саламыз.

http://www.mki.gov.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.09.2014 11:36

Мақаланың шыққан күні: 14.09.2014