Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

21.08.2014 Үздіктер топ жарды

Аққыстау аудан орталығында бір айға созылған футбол ойыны өз мәресіне жетті.

Исатай ауданының сегіз командасы қатысып, әр аптаның бейсенбі, жұма, сенбі күндері өткізілген бұл доданы мыңнан астам жанкүйер тамашалаған болатын. «Аққыстау-1» командасы бірінші орынды жеңіп алса, екінші және үшінші орындарды «Жанбай» мен «Зинеден» командалары бөлісті.

Қызықты да тартысты ойын көрсеткендері үшін жергілікті спортшылар Еламан РАМАЗАНОВ, Ерен ЖИЕНҒАЗИЕВ, Асхат БИСЕНҒАЛИЕВ, Дәурен МҰЗБАЕВТАР марапатталды.

 

Ақтық ойын мерекелік отшашуға ұласты.

 

Анастасия ПАСТУХОВА, Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Azh.kz

 


Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.08.2014 16:11

Мақаланың шыққан күні: 21.08.2014