Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Атырауда ұлттық спорт түрінен 2 ірі турнир өтеді

В Атырау пройдут сразу два больших турнира по национальным видам спорта

11-12 қазан аралығында Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл елдімекенінде   V республикалық  «Алтын тұлпар – Жайық жағасында» турнирі   және «Дарабоз-2019» халықаралық турнирі өтеді.

«Алтын тұлпар – Жайық жағасында»  бәйгесі  Елбасы Н.Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен,    ҚР Ұлттық спорт  қауымдастығы және  Атырау облысы әкімдігінің бірлестігімен  ұйымдастырылып отыр.

Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының бас хатшысы Нұрсұлтан Ибрагимов  ӨКҚ-де өткен брифингте  мәлімдеді.

- Алдыңғы келген 9 жүйрікке  арнайы жүлде бар. Аламанға  жүйрік жылқы тұқымдарының барлығы жіберіліп,  еліміздің барлық өңірінен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент  қалаларының әрқайсысынан  5  сәйгүліктен қатысады. Ат жарысының қашықтығы – 51 шақырым. Бас жүлде – 10 миллион теңге. Жалпы жүлде қоры 22 миллион теңгені құрайды. Қатысушылардың өтініштері  11 қазанға дейін қабылданады, - дейді Нұрсұлтан Ибрагимов.

Сонымен қатар, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов 11-12 қазан аралығында  Атырау қаласы  күніне орай «Дарабоз-2019» халықаралық турнирі  өтетіндігін мәлімдеді.

- Турнирдің бағдарламасына көкпар, аударыспақ, теңге ілу, топ және құнан бәйге, жорға  жарысы, жамбы ату, аламан бәйге, құмай тазы жарыстары сияқты ұлттық  спорт түрлері кіреді. Жарысқа отандық және шетелдік командалар қатысады. Жалпы жүлде қоры – 32 180 000 теңгені құрайды, - деді Ринат Ибрагимов.

Атырауда ұлттық спорт түрінен 2 ірі турнир өтеді Атырауда ұлттық спорт түрінен 2 ірі турнир өтеді Атырауда ұлттық спорт түрінен 2 ірі турнир өтеді

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.10.2019 10:47

Мақаланың шыққан күні: 11.10.2019