Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

31.07.2014 Жанкүйерлерді қуанышқа бөледі

«Маяк» түнгі клубында бодибилдингтен абсолюттік салмақ дәрежесінде ашық қала чемпионаты өтті.
Турнирдің бас демеушісі «Оранж-Фитнес» спорт орталығы болса, «Wheels Brothers» мотоклубы, Батыс Қазақстан бодибилдинг және фитнес федерациясы, облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы, қалалық спорт бөлімі үлкен қолдау көрсетті.

Чемпионат сәтті өтті, клубта достық пен қарсыластық ауаны бірдей есіп тұрды. Жарысқа жеті жақсы дайындалған атлет қатысты: «Оранж» фитнес орталығының нұсқаушысы Николай Котов, «Атырау» фитнес орталығының нұсқаушысы Владимир Мартынов, «Мұнайшы» жүзу бассейнінің тренажер залының нұсқаушысы Дархан Төлегенов, «YКК» компаниясының құтқарушысы Александр Любин, «Европа» фитнес орталығының нұсқаушысы Олег Ганус, «Олимп» фитнес орталығының (Волгоград қ.) нұсқаушысы Ярослав Копейкин және әуесқой спортшы Ерлан Бағытов өнер көрсетті.
Жарыс екі турдан өтті. Біріншісінде төреші қатысушыларды қатар тізіп, «қос бицепс – алдынан көрсету», «арқаның кең бұлшықеттері – алдынан көрсету», «кеуде+бицепс – жанынан көрсету», «қос бицепс – арттан көрсету», «арқаның кең бұлшықеттері – арттан көрсету», «трицепс – жанынан көрсету» және «пресс+жанбас» сияқты жеті негізгі тұрыстарды көрсетуін талап етті.
Екінші турда спортшылар жеке өнер көрсетті. Сахнаға екі минуттан шығып, шыныққан шымыр денелерінің әр қыртысын көрсетуге арналған ерікті бағдарламаларын орындады. Көрермендер отырған залдағы қыз-келіншектер таңданыстарын жасырмады.
Жарыс қорытындысында 1-орынды және 80 мың теңгелік сыйақыны Николай Котов иеленді. 2-орынды Владимир Мартынов алса, 3-орынға Дархан Төлегеновшықты.
Жеңімпаздар марапатталған-нан кейін «келесі чемпионат қашан болады?» - деп сұрап жатты көрермендер. «Оранж Фитнес» басшылары Самир мен Сергей турнирді тұрақты өткізіп тұрамыз деп сөз берді.
Спортшылар «Оранж-Фитнес» спорт орталығына чемпионатты ұйымдастырғандары үшін алғыс айтады.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Источник: azh.kz


Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.07.2014 04:42

Мақаланың шыққан күні: 31.07.2014