Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

30.07.2014 Чемпиондар бар,енді демеушілер керек

Ақтөбеде армрестлингтен Қазақстан чемпионаты өтті.

Чемпионат жеңімпаздары қыркүйек айында Вильнюсте өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғау құқығына ие болды.

 

65 келіге дейін салмақта атыраулық спортшы Константин Тарабрин барлық сегіз күш сынасуда да жеңіске жетіп, финалда 2013 жылғы Азия чемпионы шымкенттік Бақдәулет Тұрмановтан басым түсті және Қазақстан чемпионы атанды.
70 келіге дейін салмақта Азияның екі дүркін чемпионы Мұрат Әбуталиев бірінші кездесуінде 2013 жылғы әлем чемпионы Заир Ахметовтен ұтылып қалды. Алайда қалған жеті айқаста айқын басымдықпен жеңіске жетіп, «қолаға» қол жеткізді.
80 келіге дейін салмақта 2013 жылғы Азия чемпионы Александр Максин күш сынасты. Ол барлық кездесуде де жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тақты. Барлық үш атыраулық спортшы да әлем чемпионатына жаттығуды бастады және демеушілер табылып, көмек қолын созады деп үміттенеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Источник: azh.kz

(31.07.2014)


Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.07.2014 11:27

Мақаланың шыққан күні: 30.07.2014